Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысының кітапханашылары бас қосты

Қызылорда облысының кітапханашылары бас қосты

Kyzylorda-news.kz. Кітап оқу мектеп оқушыларының тұлғалық құзіреттілігін қалай дамыта алады? Бұл сұрақ бойынша бүгін аймақтағы орта білім беретін мектептердің кітапханашылары өзара талқылау жүргізіп, шешу жолдарын қарастырды.Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапхана қызметі мен мектеп жатақханасының оқытушылары бірлесіп ұйымдастырған кезекті облыстық семинарда көптеген жобалар арқылы оқушылардың ақпараттық және танымдық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрнекі оқулықтар балалардың шығармашылығын қалай дамыта алатыны туралы сөз қозғап, білім алушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ойын тформатындағы тың әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар ZipGrade онлайн қосымшасы арқылы оқырмандарға тест тапсырмаларын дайындау тәсілдерін меңгерді.
Айта кету керек, бұл семинарға Жалағаш, Арал, Қазалы, Жаңақорған және Шиелі аудандарынан барлығы 30-дан астам мектеп кітапханашылары қатысып, заманауи кітапхананың жаңаша қызметі аясында білімдерін толықтырды.

27 қаңтар 2020 ж. 265 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области