Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада кітапханашылар ақпараттық сауаттылығын арттырды

Қызылордада кітапханашылар ақпараттық сауаттылығын арттырды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының Зияткерлік мектеп базасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін жалпы білім беру ұйымдарына тарату аясында аймақтық кітапханашылары үшін «Ақпараттық сауаттылық және оны мектеп ортасында қалыптастыру әдістері» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өтті.
Семинарға аудандық және қалалық мектептердің 30-ға жуық қызметкері қатысты. Жағымды көңіл-күй қалыптастырып, бір-бірімен танысқаннан кейін семинарға қатысушылар «Ақпараттық сауаттылыққа кіріспе», «Ғаламтордағы стратегиялық ақпаратты іздеу» және заманауи кітапханашыларды толғандыратын басқа тақырыптар бойынша кәсіби шеберліктерін жетілдіруге бағытталған тренингтерге қатысты.
Әр тақырыптан кейін практикалық жұмыс жүргізілді: қатысушылар тақырып бойынша ақпарат іздеуді онлайн режимінде жүргізу, инфографиканы өз бетінше құру, уақыт кестелерін, яғни балаларды кітап оқуға тартудың заманауи түрлерінмеңгерді.
«Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасу арқылы аудандық және қалалық кітапханалар арасында серіктестік қарым-қатынас орнатылды. Бұл болашақта кітапхана жұмысын жақсартуға көмектесетіні аңық», – деп түсіндірді Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің аға оқытушы-кітапханашы Гүлмариям Түбекбаева.
 
«Жоғары ақпараттық сауаттылықты игеру –заманауи кітапханашығақажетті дағды. Бүгін біз ақпаратты қалай жылдам іздеуді және пайдалануды білдік, кітап презентациясын құрудың түрлі бағдарламаларын және мектеп кітапханасының жұмысын ұйымдастырудың басқа да инновациялық тәсілдерін игердік», – деді семинарға қатысушы Жалағаш ауданының №201 мектеп-лицейінің кітапханашы мұғалімі Фируза Досанова.
31 қазан 2019 ж. 269 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области