Қызылорда қаласының 200 мұғалімі Назарбаев зияткерлік мектебінде бас қосты
Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосып, педагогикалық тәжірибелерін шыңдады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес педагог тәжірибесіне жаңашылдықтар енгізу мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебі кезекті тәжірибе тарату семинарын өткізді. Шараға қаладағы 54 жалпы білім беретін мектептің 200 тартафизикалық-математикалық бағыттағы және ән-әуез, өнер пәндерінің мұғалімі қатысты.
Іс-шараның ашылуында қатысушыларға "Сабақ барысында ақпараттармен жұмыс ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында интербелсенді таныстырылым ұсынылып, оқу материалдарының интенсивті меңгерілуіне АКТ қолданудың мүмкіндіктері мен пайдалы сілтемелер мен ресурстар тізімі көрсетілді.
Пәндер бойынша бөлініп, қатысушылар зияткерлік мектептің мамандары өткізген ашық сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды. Мұғалімдер пән бойынша жаңа тақырыпты түсіндірудің заманауи тәсілдері мен жекелеген, топтық жұмыстарды ұйымдастыру әдістерімен танысты. Оқушыларды бағалау үдерісі кезіңде тәжірибелерінде туындаған сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, қатысушылар педагогикалық тәжірибелерін жақсарту үшін рефлексия жүргізу жолдарын өзара талқылап, тәжірибелі мамандардан сабақты тиімді жоспарлау бойынша әдістемелік көмек алды.