Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы таратылды

Зияткерлік мектептердің тәрбие жұмысы таратылды

Қызылордада мектеп директорларның орынбасарлары Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибелік алаңында болып, жас жеткіншектерді тәрбиелеу бағытындағы жұмысты тиімді ұйымдастыру мен жаңа жобалар туралы ақпарат алды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Ата-аналарды мектеп өміріне тарту, оқушыларды кітап оқуға баулу, ауыл тіршілігімен танысу, уикипедия энциклопедиясына мақала жазудың оқушыларды тәрбиелеудегі рөлі секілді тақырыптар төңірегінде Зияткерлік мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторлары егжей-тегжейлі таныстырды. Заманауи әдіс-тәсілдер арқылы педагогтар балалардың сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған жобалар туралы жалпы түсініктеме беріп, тәжірибе жүзінде бөлісті.Семинар-тренингке облыс орталығындағы білім беру ордалары басшыларының 55 орынбасары келді. Қатысушылар зияткерлік мектептің тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы ерекшеліктерді бағамдап, кәсіби біліктіліктерін жетілдірді.
«Уикипедия» оқушыларды мақала жазуға машықтандырса, «Оқушыларға оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасы жастарды әдебиет оқуға үйретіп, сөздік қорларын арттырады. Бұл семинар барысында аталмыш жобалардың жаңа әдістері туралы мағлұмат алдық», - деді №173 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Макина Ысқақова.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, ата-аналары мектеп өміріне жиі араласатын оқушыларөзін-өзі бағалауы жоғары, позитивті ойлайтын, оқуға ынталы болады. Осы тұрғыда ата-аналар мектептің шараларына белсенді қатысып, оқу үдерісінің дамуына ықпал етуде және мектепті басқаруда өз үлестерін қосуда.
«Ата-ана жұмысында бір күн» әлеуметтік тәжірибесі жас жеткіншектерге мамандық тандауда кәсіби бағыт береді. Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Осы тәжірибені барлық мектептерге енгізу қажет», - деп бөлісті №189 орта мектебі директорының орынбасары Дархан Шейітманов.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, алған білімдерін болашақта өз жұмыстарында пайдалануға және мектеп практикасына енгізуге ниетті екендіктерін айтты.

09 сәуір 2019 ж. 567 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области