Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Уханьда дәрігерлер жаялықша киюге мәжбүр. Індет ошағында дәрігерлер өле бастады (видео)

Уханьда дәрігерлер жаялықша киюге мәжбүр. Індет ошағында дәрігерлер өле бастады (видео)

Kyzylorda-news.kz. Індет ошағында дәрігерлер жетіспей жатыр. Ухань қаласындағы коронавирус індетінің ошағында жұмыс істеп жатқан қытай дәрігерлері әжетханаға баратын уақыттың жоқтығынан ересектерге арналған жаялықша киюге мәжбүр. Бұл туралы Washington Post хабарлады.Басылымның жазуынша, науқастардың көптігінен дәрігерлер күндіз-түні кірпік қақпай жұмыс істеуге көшіпті. Дәрігерлерден бөлек барлық ауруханада дәрі-дәрмек, медициналық бетперде мен қорғаныш киімдері жетіспей жатыр.
Ухань ауруханасында істейтін бір хирург жергілікті Weibo әлеуметтік желісіне: «Үстімізге киіп жүрген қорғаныш киім ең соңғы болуы мүмкін екенін білеміз, сол себепті оларды жоғалтып алудан қорқамыз», - деп жазған.
Коронавирус адамдарды осы індеттен емдеп жатқан дәрігерлердің де өмірін жалмауға көшті. Бұған дейін Ухань қаласында 62 жастағы Лян Удун есімді дәрігердің ауру жұқтырып өлгені белгілі болса, енді дамыл таппай жұмыс істегеннің кесірінен жүрек талмасынан дәрігер Цзян Цзицзюнь көз жұмған. Адам нөпіріне және жұмыстағы жағдайға шыдамаған дәрігерлер жүйкесінің тозғанын, тіпті психологиялық көмекке зәру екендерін де айтып жатыр.
1 жарым миллиардқа жуық тұрғыны бар Қытайда жалпы тәжірибелік рұқсатқа ие небәрі 60 мың дәрігер жұмыс істейді екен. Бұл елдегі медицина қызметкерлерінің жалпы санының 3,5% ғана.

28 қаңтар 2020 ж. 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области