Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария аудандық ауруханасы 52 мың теңгенің клавиатурасын пайдаланады

Сырдария аудандық ауруханасы 52 мың теңгенің клавиатурасын пайдаланады

Kyzylorda-news.kz. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қоғам белсенділерімен бірлесіп «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасы аясында мониторинг жұмыстарын жүргізді.Бақылау жұмыстарын жүргізу барысында Сырдария аудандық ауруханасы сатып алынатын кейбір тауарлар бағасын нарық бағасынан 1,5-4 есеге дейін асырып көрсеткендігі белгілі болды. Оған дәлел, келісім шарт негізінде алынған тауарларды зерделей келе, дербес компьютерге қажетті клавиатураны 52 000 теңгеге сатып алғандығы белгілі болды. Негізі бұл құралдың бағасы шамамен 5 000 – 15 000 теңге тұрады.
Айта кету керек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы дербес компьютерге қажетті клавиатураны 8 482,14 теңгеге сатып алып отыр.
Аталған фактілер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағаны асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарау ұсынылды.
Тәжірибе бойынша байқалатыны қаражат айналымы көп жерде сыбайлас жемқорлық тәуекелі көп кездеседі.
30 қаңтар 2020 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области