Денсаулық нашарлағанда хабар беретін белгілерді білесіз бе?
Kyzylorda-news.kz. Адам тәні - ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі өзгерістер мен ақаулар жайлы әрдайым ақпарат беріп тұратын күрделі механизм. Алайда көптеген жанның ағза дабылына назар аудара бермейтіні анық. Сол себепті KAZ.NUR.KZ денсаулық нашарлағанда байқалатын 10 түрлі белгіні назарға ұсынады.
1. Көз астының қараюы
Көз асты терісінің қараюы ұйқы қанбағаннан болуы ықтимал. Бұл тұрғыда дәрігерлер тәулігіне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Алайда ағзамыздың мұндай белгісі қан аздықтың салдарынан болуы да мүмкін. Адам қаны азайғанда ағзада эротроциттер аз бөлінеді. Соның салдарынан көз асты терісі қарая бастайды.
2. Саусақ түсінің өзгеруі
Егер саусақтарыңыздың түсі жиі өзгеретінін байқасаңыз, оның себепсіз еместігін білгеніңіз жөн. Оған Рейно феномені себеп болуы ықтимал. Ағзаның бұндай күйі суық температура қан тамырларының тарылуына алып келеді. Мұның салдарынан саусақтардың түсі өзгереді.
3. Заттың көзге бұлдырап көрінуі
Егер көзіңіз тез әрі жиі шаршап, қалыпты қашықтықтан адамдарды не жол белгілерін аңғара алмайтын күйге жетсеңіз, бұндай белгі астигматизмге меңзеуі мүмкін. Міндетті түрде көз дәрігеріне көріну керек.
4. Көз алдымызда "қараңдаған денелер"
Олар әр-түрлі болуы мүмкін: нүкте, сызықша түрінде және т.б. Көз алдымызда "қараңдаған денелер" аяқ асты пайда болады. Әсіресе, ашық аспанға не ақ түсті затқа қарағанда байқалады. Егер мұндай күй бір аптадан ұзақ уақытқа созылса, көз дәрігеріне қаралыңыз. Ол шел немесе көз көруіне байланысты басқа да қиындықтардың себебінен болуы мүмкін.
5. Іштің құрылдауы
Іштің құрылдау ішек қызметімен тікелей байланысты болып табылады. Егер ағзаңыздағы бұндай белгі жиі байқалса, ешқандай қауіп жоқ. Ал егер ішіңіз жиі құрылдаса немесе аурумен байланысты болса, дәрігерге көрінуіңіз қажет.
6. Терінің құрғауы
Терінің құрғауы - дәрумен жетіспеушілігінің белгісі екендігі белгілі. Бұндай жағдайда дұрыс тамақтану теріңізді қалпына келтіріп, жарқырата түседі. Ал егер терінің құрғауы қышумен қатар жүрсе, міндетте түрде дәрігерге көрініңіз. Ол щең ауруының белгісі болуы ықтимал.
7. Ара-тұра иіс сезу қабілетінің жоғалуы
Жас ұлғайған сайын иіс сезу қабілетінің төмендеуі не жоғалуы жүйке жүйесінің зақымдалуының салдарынан болып тұрады. Алайда, сіз жас болсаңыз, иіс сезу қабілетінің жоғалуы – дәрігерге қаралуыңызға түрткі жағдай. Ол тұмаудың немесе басқа да жұқпалы дерттің белгісі болуы мүмкін.
8. Қабақтың тартылуы
Ұзақ уақыт бойы қабақ тартылуы көзге салмақ түскендігін білдіруі мүмкін. Одан арылу үшін, мақтаны суық сумен дымқылдап алып, көзге басып қою керек. Егер бұл әдістің көмегі болмаса, невропатологтың көмегіне жүгініңіз. Ағзаңыздың бұндай белгісі жүйке жүйесінің бұзылуынан хабар беруі ықтимал.
9. Құлақ шыңылдауы
Тиннитус — құлақтың шулауы не шыңылдауы. Көп адам құлақтың шыңылдауына мән бермейді. Тіпті, денсаулығымыз үшін қауіпті санамай жатамыз. Бірақ құлақтың үнемі шыңылдауы ағзамыздағы ақаудың себебінен болуы мүмкін. Десе де оның кең таралған себебі – қызметіне байлнасты үнемі шулы жерде болу.
10. Иық буынының жылжуы
Кей адамдардың иығы босаңсығандай күйде болып, жан-жаққа жылжуы ықтима. Иық буынының тұрақсыздығы тоқпан жілік басының иық буыны ойымынан шығып кеткен кезде орын алады. Бұндай адамдардың сіңірлері тумысынан созылмалы болуы ықтимал. Немесе спортпен шұғылданудың әсерінен дн болады. Алайда иық буынының жылжуы – қауіпті. Ол түрлі жарақаттарға, буынның шығуына алып келуі мүмкін.