31 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 31 қаңтар күні Қазақстанның барлық дерлік аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.Соған байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек батысы атмосфералық фронттардың әсерінде болатындықтан жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста желдің күшеюі және жаяу бұрқасын сақталады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің жекелеген өңірлерінде тұман сақталады. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел және жаяу бұрқасын болжанады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында желдің күші 18 м/с артатыны күтіледі.