Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирус: Қызылордада медициналық бетперде жеткілікті ме?

Коронавирус: Қызылордада медициналық бетперде жеткілікті ме?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тұмаудан қорғануға арналған бетперде тапшылығына байланысты дабыл қағуға ешқандай негіз жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары осындай мәлімдеме таратты.
Соңғы уақытта Қытайда коронавирустың шығуына байланысты аймақта барлық қауіпсіздік шараларына назар аударылып отыр. Осы мақсатта департамент мамандары медициналық бетперделердің облыстық дәріханаларда болуына күн сайын мониторинг жүргізіп келеді. Бүгінгі күні Қызылорда облысының дәріханалық қоймалары және дәріханаларында оның 165 мыңнан астам қоры бар.
«Соңғы уақытта тұрғындар тарапынан оған сұраныс күрт артты. Сол себепті фармацевтикалық ұйымдар арқылы оған қосымша сұраныс жасалды. Қазірге дейін оның жартысына жуығы жеткізілді. Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Бетперделер медициналық бұйым, сондықтан оның бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Осы орайда тұрғындарға дәріханаларда бетперденің болмауына қатысты дабыл қағуға ешқандай негіз жоқ екендігін хабарлаймыз», - деді Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрбек Әділханов
31 қаңтар 2020 ж. 250 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области