Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда «Ашық есік күні» өтті

Қазалыда «Ашық есік күні» өтті

Kyzylorda-news.kz. Қазалыда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өтті.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бөлім басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Аудан әкімдігінің ғимаратында таңертең 9:00-де басталған қоғамдық қабылдау түскі сағат 13:00-ге дейін жалғасты. Осы уақыт аралығында 200-ге тарта аудан тұрғыны көкейтесті сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізді.
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың қабылдауында болған тұрғындар негізігінен тұрақты жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, атаулы әлеуметтік көмек сияқты мәселелерді қозғады.
Арасында қоғамдық мәселелерді көтерген азаматтар да болды. Мәселен, Бердібай Пәуешов мен Ұлболсын Өтегенова Әйтеке би кентіндегі Астана көшесін жөндеп, осы көшемен жүретін 6 қоғамдық көліктің тоқтап қалғандығын жеткізді. Ал, Серік Қожақов Н.Бекежанов көшесінің электр жарығы әлсіз, жиі сөнетінін айтып шағымданды.
Сондай-ақ, кент тұрғындары Айбосынов бұрылысы, Жанқожа батыр, Н.Бекежанов көшелерін және Жанқожа батыр №102 үйді жөндеуден өткізу туралы ұсыныс айтты.
Өз кезегінде аудан басшысы тұрғындар сұрағына жауап берді. Барлығы заң аясында шешілуі қажет екендігін айтып, тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді.



31 қаңтар 2020 ж. 245 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области