Кәсіпкерлер палатасы бизнес жоспар жасаудың тәсілдерін ұсынады
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау» компонентінің жүзеге асырылып жатқандығын хабарлайды.www.services.atameken.kz порталы арқылы қызметтер онлайн негізде көрсетіледі.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында төмендегі қызметтерді офлайн түрде алуға болады:
1.Бухгалтерлік және салық есептілігін жүргізу, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасау қызметтері;
2.Заң қызметтері
3.Маркетинг сұрақтары бойынша қызметтер.
ҚЫЗМЕТТЕР ТЕГІН НЕГІЗДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ.
Толығырақ мәліметті Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 12 мекен-жайында орналасқан Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02
Сall-Center – 1432