Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жергілікті органдар апатты мектептер туралы мәліметті жасырады

Жергілікті органдар апатты мектептер туралы мәліметті жасырады

Kyzylorda-news.kz. Жергілікті атқарушы органдар апатты мектептерге қатысты мәліметті дұрыс бермейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Білім сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі - педагог кадрлармен қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында 5 267 пән мұғалімі жетіспейді. Осы мәселені біз биыл қайта бір қарап, шешуіміз қажет. Ол үшін тиісті қаражат та, мүмкіндік те жеткілікті», - деді министр.
Сонымен қатар ол үш ауысымды және апатты мектептерге қатысты мәселеге тоқталып өтті.
«Бұл мәселе бойынша өткен жылы министрлік мониторинг жүргізді. 204 мектепті ғана таңдап алдық. Сол 204 мектепке барып, тиісті зерттеу жүргіздік. Олардың ішінде 2 ауысым нормативінен асып кеткен қосымша 83 мектеп және апатты жағдайдағы 37 мектепті анықтадық. Бұл тек 204 мектепті қарап шыққанның өзінде ғана. Сондағы ең басты мәселе - бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар, білім басқармалары, білім бөлімдері статистиканы, мәліметті дұрыс беріп отырған жоқ. Ол статистиканы жасырғаннан кейін бұл мәселені шешпейміз. Әрине, бұл мәселені шешуіміз керек. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламада 800 мектеп салуға қаржы бөлінді», - деді Асхат Аймағамбетов.
31 қаңтар 2020 ж. 304 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области