Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін енді ҰБТ-да 70 балл жинау қажет

Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін енді ҰБТ-да 70 балл жинау қажет

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылы педагогикалық мамандықтарға түсу балы 50-ден 60-қа көтерілсе, биыл 70-ке жоғарылату жоспарланып отыр.Педагогикалық ЖОО студенттерімен кездесуде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогикалық мамандықтарға талапкерлерді тарту үшін нақты шараларды қабылдау қажеттігіне тоқталды.
"Бүгінде ең үздік мектеп түлектерінің арасында мұғалім мамандығы айтарлықтай сұранысқа ие болмай отыр. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш бергенде талапкерлер педагогика бағытын үшінші не төртінші кезекте таңдайды. Бұл педагогикалық мамандықтарға мектепті үздік не жақсы бітірмеген түлектер көбірек түсетінін көрсетеді", – деді Асхат Аймағамбетов.
Министр 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік емес, жеке өзіндік үлгідегі диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты. Бұл норманың әскери және арнайы оқу орындарына қатысы жоқ. Мұндай өзгеріс жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек.
Асхат Аймағамбетов мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын жоғары оқу орнын таңдауда мұқият болуға шақырды. Ендігі кезекте жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджіне мән беріледі.
Еске сала кетейік, білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова енді кез келген мұғалім өз жалақысын өзі есептей алатының мәлімдеді.
03 ақпан 2020 ж. 262 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области