Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елжан Біртанов: Ауруға шалдықты деп күдіктелген 33 азаматтан коронавирус табылмады

Елжан Біртанов: Ауруға шалдықты деп күдіктелген 33 азаматтан коронавирус табылмады

Kyzylorda-news.kz. Коронавирус күдігіне іліккен 33 науқас әлі де дәрігерлердің бақылауында. Олардың ағзаларынан коронавирус табылмады, деп хабарлайды Stan.kz.Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты
«Коронавирус күдігімен аруханаға жатқызылған пациенттер ем алып жатыр. Оларға тестілеу жүргізілді, коронавирус табылған жоқ. Дегенмен, оларда өткір респираторлық инфекция, тұмау болғандықтан ем алуын жалғастырып жатыр, бақылауымызда», - депті министр.
Денсаулық сақтау министрі бүгінгі мәліметке сәйкес ауруханада әлі 33 науқас ем алып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол шетелден, тіпті Қытайдан келген адамдардың барлығын бірдей коронавирусқа зертханалық тестілеуден өткізудің еш қажеттілігі жоқ екенін баса айтты.
«Аталған зерттеу адамда ауру белгісі болса ғана жүргізіледі. Мұндай дене қызуы, жөтелу сынды белгілердің 99 пайызында ол кәдімгі тұмау болып шығады. Қазір бүкіл 18 млн адамды коронавирусқа тексеріп шығудың ет қажеттілігі болмай тұр. Оның мәні де жоқ», - деді Біртанов.
Бұған қоса министр коронавируске қатысты ел ішінде аласапрын тудыру қажет емес деп ескертті.
«Кейбір адамдар «мен тексеріліп, көңілімді тыныштандырғым келеді» деген ұстаныммен дүрбелең жасайды. Әрине, тексерілуге болады. Бірақ, оның еш мәні жоқ. Бұл үшін оның алғашқы белгілері болуы тиіс. Анализ жасау өте қымбат. Бұл тестіні қазір ғана әзірледік және оң нәтиже көрсетіп отыр. Біз оны көбейтеміз және бұл коронавирус күдігіне іліккен пациенттер жедел тексеруден өтеді дегенді білдіреді»,- деді Елжан Біртанов.
04 ақпан 2020 ж. 300 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области