Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тез ояну үшін будильникке қандай әуен қою керек

Тез ояну үшін будильникке қандай әуен қою керек

Kyzylorda-news.kz. Корольдік технологиялық университеттің (Австралия) қызметкерлері адамның тез оянып, сергек жүруіне будильниктегі әуеннің әсері бар екенін анықтады.
Ғалымдар мұндай шешімге өздері жүргізген тәжірибеден кейін келген. Аталған сынаққа 50 адам қатысқан. Тәжірибеге қатысқан еріктілер арнайы құрастырылған сұрақтарға онлайн жауап беріп отырған. Олар күнделікті будильниктің әуені мен ойнау ұзақтығына қарай ұйқыдан тұрғаннан кейінгі өздерінің жағдайларын жазып отырған. Оянғаннан кейінгі жағдайы қалай болды, яғни ұйқы басып тұр ма, әлде сергек оянды ма дегендей.
Сонымен, будильниктерінде баяу әуен ойнаған еріктілер ұйқыдан тұрғанда өздерін сергек сезінетіндерін айтқан.
«Біз күнделікті будильникке қоятын "пи-пи-пи" деген құлаққа жағымсыз дыбыс адамды тез оянып, сергек сезінуге көмектеседі деп ойлап келдік. Бірақ біздің тәжірибеміз көрсеткендей, будильникке баяу әуен қойған адамдар ұйқыларынан тез оянып, өздерін сергек сезінетіндерін айтты. Бұл күтпеген жағдай болды», – деді тәжірибе авторы Стюарт Макфарлейн.
Сонымен қатар, профессордың көмекшісі Адриана Дайераның айтуынша, әдеттегі будильникте тұратын жағымсыз дыбыс адамның оянған кезде миының жұмысына кері әсерін тигізіп, оның көңіл-күйіне кері әсер ететінін айтады.
Ғалымдар қасымша зерттеулер арқылы адамның тез оянып, сергек сезінуіне нақты қандай әуен жақсы әсер ететінін әлі де болса анықтайтынын айтады.

08 ақпан 2020 ж. 298 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области