Денсаулық сақтау министрлігі 5 медициналық анықтаманың қағаз нұсқасын жойды
Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылы электронды үлгіге толықтай көшірілетін қызметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру кеңсесі жұмысының маңызды бағыттарының бірі – денсаулық сақтау және оны трансформациялау саласында ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді электронды үлгіге көшіру», делінген хабарламада.
Министрлік 2020 жылы мынадай қызметтерді электронды үлгіге толықтай көшіру туралы мақсат қойған:
- Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру;
- Стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме беру;
- Науқастарға стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру;
- Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысуы туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі туралы қорытынды беру.
Жоғарыда көрсетілген қызметтердің барлығы таяуда www.egov.kz электрондық үкімет сайтында болады.
Сонымен қатар, министрлік 5 медициналық анықтаманы жойды.
Сонымен қатар, 2020 жылы ДСМ Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту туралы анықтама, көлік құралын жүргізуге рұқсат беру туралы анықтама, психоневрологиялық ұйымнан анықтама, наркологиялық ұйымнан анықтама, туберкулезге қарсы ұйымнан анықтаманың қағаз түріндегі нұсқасы жойылды.
«Ешқандай анықтама болмайды! Кез келген азамат мемлекеттік қызмет алу үшін медициналық анықтамалар автоматты түрде (азаматтың рұқсатымен) рәсімделеді», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2019 жылы «Мекенжай анықтамасы» тоқтатылды.