Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАЛАНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

БАЛАНЫҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІН ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ


    Биылдан бастап жаңа босанған аналар сәбиінің туу туралы куәлігін ұялы телефонның көмегімен-ақ ала алады, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
    Сонымен қатар балабақша кезегіне тіркелу, бір реттік жәрдемақы алу мәселесін де SMS хабарлама арқылы шешеді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде сынақ түрінде жүзеге аса бастады.
    Енді бала өмірге келісімен, оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады. Қызылордада проактивті қызмет түрін алғаш пайдаланған аналарды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары құттықтап, туу туралы куәліктерін тапсырды. Осылайша перзентханадан шықпай-ақ, бір өтінішпен 4 мемлекеттік қызмет түрін пайдалану тәсілін насихаттау шаралары жүруде.
    – Елбасының соңғы халыққа арнаған Жолдауында да «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына аса мән берілді. Жыл басынан бастап осы қызмет біздің пилоттық жобада Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Біздің Қызылорда өңірінде қазіргі таңда SMS хаттар барлық босанған аналарға келіп жатыр. Бүгінде SMS-ке дұрыс, толық жауап берген аналарға туу туралы куәлігін табыстап жатырмыз, – дейді Қызылорда облысы бойынша ХҚКО директоры Айнұр Тобаева.
    Жаңақорған, Шиелі, Қазалы, Арал аудандарында да бұл бағытта жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.

16 қаңтар 2018 ж. 1 075 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области