Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақ күресінен жарыстар қашан өтеді?

Қазақ күресінен жарыстар қашан өтеді?

Kyzylorda-news.kz. Қазақ күресі федерациясы 2020 жылы өтетін жарыстардың кестесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Іс-шаралар тізімі:
•18 сәуір - "Бала балуан" республикалық турнирі. Нұр-Сұлтан қаласы, "Жекпе-жек" сарайы;
•30-31 мамыр - "Халық барысы" республикалық турнирі. Оған 18-50 жас аралығындағы спортқа жарамды кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Алматы қаласы, "Сұңқар" халықаралық трамплиндер кешені;
•4 шілде - "Қазақстан барысы" республикалық турнирі. Нұр-Сұлтан қаласы, "Жекпе-жек" сарайы;
•9-13 қараша - ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты. Атырау қаласы;
•2 желтоқсан - "Еуразия барысы" әлем кубогы. Алматы қаласы, "Алматы Арена" мұз сарайы.
Қазақ күресінің атауы өзгереді
Қазақ күресі федерациясының президенті Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде ғалымдарға қазақ күресіне қатысты терминдерді зерделеуге тапсырма берілді. Негізгі мақсат – бейтарап атау арқылы ұлттық күресті әлемдік деңгейге көтеру.
"Сонымен қатар, төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар жарық көреді. Қазақ күресінің ережесі жинақталған видеонұсқаулық түсіріліп жатыр. Ол жерде әрбір әдіс бүге-шүгесіне дейін видеомен көрсетіледі", - деді Абаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін қазақ күресінің даму картасы жасалады.
09 ақпан 2020 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области