СЫР ПАЛУАНДАРЫ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА" ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Қызылорда облысының намысын Еламан Ерғалиев, Нұрым Сәлімгереев және Мақсат Исағабылов қорғайды. Бүгінде Сыр балуандары "Евразия" спорт кешенінде дайындалуда. Қызылорда облысында қатарынан тоғыз рет "Алтын белбеу" облыстық жарысы ұйымдастырылып, оған төрт жас ерекшелігі бойынша биыл 8500 спортшы қатысты.
Дүбірлі додада Нұрым Сәлімгереев "Сыр барысы", Мақсат Исағабылов "Сыр арланы" атанды.
Айта кетейік, 2017 жылғы Қазақстан Барысы атағын жерлесіміз Еламан Ерғалиев жеңіп алған болатын.