Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті.
  Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды және Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында өткізілді.
  Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт жас деңгейінде сынға түсті. Бірінші кезеңі әр ауылдық аймақтарда наурыз айында өткізіліп, оған 6839 спортшы қатысты. Екінші кезеңі аудандық, қалалық жарыстар сәуірде ұйымдастырылып, оған 1511 спортшы бақ сынасса, үшінші кезеңі - облыстық ақтық сайысқа 250 балуан төл өнерімізді дамытуға атсалысты. Үш кезең бойынша барлығына 8600 спортшы сынға түсті.
  Түйе палуан сайысына 15 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн. 170 мың теңгенің сертификаты табысталды.
  «Сыр Арланы» - қызылордалық Мақсат Исақабыловқа 630 мың теңгенің сертификаты беріліп, «Сыр Сұңқары» - қызылордалық Жасұлан Досымовқа 360 мың теңгенің сертификаты табысталды.
  Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында «Салауатты ұрпақ» кіші жобасы бойынша жарыста ептілігімен көзге түскен бірқатар балуандар аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының дипломдарымен марапатталды.
Үстіміздегі жылдың шілде айында Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан   Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сәлімгереев пен М.Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.                                                                                                     

02 мамыр 2018 ж. 705 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области