Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН "АЛТЫН БЕЛБЕУ" САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН "АЛТЫН БЕЛБЕУ" САЙЫСЫ БАСТАЛАДЫ

28 сәуір күні «Евразия» спорт кешенінде Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған қазақ күресінен IX облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады.
  Оған Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда 250-дей балуандар қатысады. Жарыс 3 кезеңнен 4 жас ерекшелігі бойынша өткізіледі. Жас ерекшеліктері бойынша 2003-2004 ж.т. кіші жасөспірімдер, 2001-2002 ж.т. жасөспірімдер, 1999-2000 ж.т. жастар және ересектер арасында балуандар 32 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасады.
Қазақ күресінен «Түйе палуан» атанған спортшы «Сыр Барысы» атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.
Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар шілде айында Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады.
  Жарыстың салтанатты ашылуы сағ. 11.00-де, ақтық белдесулер 11.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 12.30-да.
Барлық қала тұрғындарын жарысты тамашалауға шақырамыз.
Кіру тегін.
26 сәуір 2018 ж. 965 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области