Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Абайдың қара сөздері чех тілінде басып шығарылады

Абайдың қара сөздері чех тілінде басып шығарылады

Kyzylorda-news.kz. Чех жазушысы Абайдың қара сөздерін туған тіліне аударып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».Владислав Кучик ұзақ уақыт Қазақстан мен қазақ әдебиетін зерттеп келеді. Айтуынша, алғаш рет кемеңгер ақынымыз туралы Прагада оқитын қазақ студенттерінен естіпті. Бірақ Абай шығармашылығымен жақынырақ танысқысы келгенде, чех тіліндегі туындыларын тапқан жоқ. Осыған байланысты өлеңдері мен қара сөздерін туған тіліне аударып, кең жұртшылыққа таныстыру ойы келді. Владислав Кучик өз қара сөздерден бастауды ұйғарды. Абайдың қағидалары жерлестеріне де өте қызық болар деп санайды. Жазушы бұл аудармасын тамыз айында аяқтауды көздеп отыр. Ал күзде Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл кітаптің ресми тұсаукесері өтеді.
«Абайдың чех тіліндегі туындыларын іздеп, антиквар дүкенінде 1969 жылы шыққан жалғыз кітапты таптым. Оның шығармашылығы мені шынымен қызықтырады. Абай 19-ғасырда достық, адамгершілік пен адам баласына тән жаман қылықтар туралы жазған. Қанша уақыт өтсе де, бұл қағидалары мен ақылдары әлі күнге дейін өзекті», - дейді жазушы Владислав Кучик.
07 ақпан 2020 ж. 245 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области