Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаппай қақтығыстан кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай? (ФОТО)

Жаппай қақтығыстан кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай? (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. БАҚ беттерінде жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстан үш күн өткен соң Масанчидің қазіргі суреттері пайда болды. Бүгінде барлық аумақты күштік құрылымдар бақылауға алған.
Қордайдағы жаппай төбелес әлеуметтік желі арқылы 2020 жылдың 7 ақпанында кешкі сағат 19.00-де тарала бастады.
Тұрғындар арасындағы жанжалдың салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы 40 адам әртүрлі жарақат алған.
Кейінірек 137 адамның медицина мамандарының көмегіне жүгінгені белгілі болды.
Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, тәртіпсіздік жасағандар заң аясында жазаға тартылатынын хабарлады.
Сонымен бірге мемлекет басшысы бұл оқиғаға байланысты үкімет комиссиясын құруды тапсырды.
Президент тапсырмасынан кейін бірден үкіметтік комиссия құрылып, оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев басшылық етті.
Сапарбаев бастаған топ 8 ақпан күні Қордай ауданына барып, топтасқан төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен және аудан ақсақалдарымен кездесіп, түнгі уақытта зардап шеккен аудандарды жеке бақылап шықты.
Сондай-ақ, үкімет комиссиясы Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың заң аясында жауап беретінін, ал құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатынын мәлімдеді.
Нұр-Сұлтанда Қордай ауданыдағы оқиғаға байланысты арнайы брифинг те өтті.
Ішкі істер министрлігінің алдын ала болжамы бойынша, жанжал тұрмыстық себептерден шыққан. Жағдайды арандатушылар пайдаланып, оның арты үлкен қақтығысқа ұласқан.

Суреттер Sputniknews.kz сайтынан алынды.











10 ақпан 2020 ж. 223 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области