Қар, көктайғақ, жел - Сейсенбіге арналған ауа райы
Kyzylorda-news.kz. Сейсенбіде еліміздің көп бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, көктайғақ болады, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.
«11 ақпанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте түнде кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс облыстары антициклон ықпалында болғандықтан күн райы ашық болады», делінген болжамда.
Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл, Түркістан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын слоғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.