Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Бейсенбіде еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

14 ақпанда еліміздің басым бөлігінде күн ашық, алайда кей жерлерде таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 ақпанда Қазақстанның басым аумағында антициклон шоғыры ықпалында, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстігінің кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында - қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.

14 ақпан 2019 ж. 412 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области