Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

13 ақпанда Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел 15-23, күндіз кей жерлерде 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, кей жерлерде екпіні 30 м/с күшейеді. Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

13 ақпан 2019 ж. 487 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области