Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту орталығына жаңа басшы тағайындалды
Kyzylorda-news.kz. Жанат Құрамысова «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.Ж.Құрамысова 1968 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтын Мәдени-ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы-методисі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдіскері қызметінен бастап, облысымыздың мәдениет және өнер саласында 30 жылдан астам қызмет етіп келеді. Қызмет атқарған жылдары Өзінің жоғары біліктілігімен, саладағы мол тәжірибесімен өңіріміздің мәдени-рухани дамуына зор үлес қосып, Сыр елі мәдениет мен өнерінің алыс-жақын шет елдерге танылуы, көптеген жас өнерпаздардардың жарыққа шығуы, ауқымды жобаларды, мәдени-көпшілік шаралар мен жұмыстарды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан сала маманы.
Ж.Құрамысованың саладағы еңбегі бағаланып Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы «Кәсіподақаралық байланысты дамытуға қосқан үлесі үшін» Құрмет белгісімен және бірнеше мерекелік медальдармен, Алғыс хаттармен марапатталған.