Президент елордадағы волонтерлер фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда
Kyzylorda-news.kz. Елордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуына арналған шара басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыты бойынша алаңдары таныстырылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.
Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.