Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада волонтерлердің фронт-кеңсесі ашылады

Қызылордада волонтерлердің фронт-кеңсесі ашылады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің орталықтары еліміздің барлық өңірінде ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін бәріміз ерекше тарихи оқиғаға байланысты елордада жиналып отырмыз. Бұл еліміздің тарихында мұндай іс-шара бұрын болған жоқ. Биыл Волонтерлар жылында көптеге ауқымды жобалар қолға алынады. Осы арнайы кеңседе өте маңызды бастамалар жүзеге асады деп сенемін. Мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірінде ашылады», - деді Мемлекет басшысы елордадағы Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында.
Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордада ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатына қатысуда. Волонтер жылы аясында фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QQQAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыт бойынша алаңдары таныстырылады.
Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның волонтерлері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырады.
12 ақпан 2020 ж. 376 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области