«Болашақ» университеті шетелдік орталықтармен тығыз байланыста
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда «Болашақ» университеті мен «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 2014 жылдан бастап чехиялық «Sociosféra-CZ» Ғылыми-баспа орталығымен ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді.
«Болашақ» ҒЗИ және «Sociosféra-CZ» ҒЗО бір-біріне ғылыми материалдар мен әдебиетпен, оның ішінде тараптардың әрқайсысының қолдауымен шығарылған әдебиеттермен алмасуға жәрдемдеседі және өзара алмасу әрбір елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Екі тарап қолда бар мүмкіндіктерді негізге ала отырып, келесі жұмыстарды атқаруға ұмтылады: бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу; бірлескен семинарлар, конференциялар, симпозиумдар өткізу; ынтымақтастық мәселелерінің бүкіл кешені бойынша жарияланымдармен алмасу.

2014 жылдан бастап «Болашақ» ҒЗИ төрт халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция бойынша бірлескен жұмыстарды бастады. Соңғы жылдардағы бірлескен жұмыстар «Қазіргі шарттардағы тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен құндылықтары» және «Адам мен қоғам қауіпсіздігі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мәселесі ретінде» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар шеңберінде жүргізілуде.
Біздің ойымызша, конференция материалдарында жарияланған баяндамалардың сандық көрсеткіштеріне назар аударғанымыз жөн:
