Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қуанышбек Ысқақов: Бүгінде халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген қате пікір

Қуанышбек Ысқақов: Бүгінде халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген қате пікір

Kyzylorda-news.kz. «Халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген қате пікір». Мұны Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты. Аймақ басшысы бүгін «Сыр медиа» ЖШС-нің жұмысымен танысу барысында БАҚ елдің айнасы екенін айтқан болатын.
«Бұқаралық ақпарат құралдары – бұл біз үшін елдің айнасы десек болады. Президенттің саясатын, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау ісінде БАҚ-тың ролі ұшан-теңіз. Қазір халық теледидар көрмейді, газет оқымайды деген бекер сөз. Жақында облыс басшысы болғаннан кейін елді-мекендерді аралап қайттым. Өздеріңіз де газет бетінде жаздыңыздар ғой. Сол кезде Аралдан бастап Жаңақорғанға дейін ауыл адамдарының барлығы газетті міндетті түрде оқиды, олардың барлығы теледидардағы жаңалықтарды жібермей қарайды. Шын мәнісінде жаңалықтарды, проблемаларды халыққа өз дәрежесінде жеткізетін құрал – бұл бұқаралық ақпарат құралдары», – деді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.
12 ақпан 2020 ж. 256 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области