Ғалымжан Әлібаев: Заңға бағыну керек


Бұл ретте мемлекет басшысы азаматтардың тіркеу алымдары мен мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс екенін баса айтты. Уақытша тіркеу автомобильдердің меншік құқығынан шығарылмай, басқа тұлғаның пайдалануына немесе басқаруына берілмей жүзеге асырылмақ.
Меніңше, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтіріп, заңды белшесінен басып жүрген мұндай көліктерді заңдастыруға бір жыл жеткілікті. Мемлекет басшысының бұл шешімін құптаймын. Елде қазір 200 мыңға жуық шетелдік көлік жүр әрі көпшілігі тіркелмеген көрінеді. Заңға бағыну керек. Бұдан бөлек, жүргізушінің көлікте орналасуы да біздің мемлекеттегі жол жүру ережесіне тиімді емес. Сырттан көлік алдыратындар осыны ескерген жөн секілді.
Ғалымжан ӘЛІБАЕВ,
Қармақшы ауданы