Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнында жағдай тұрақты
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы «Ақшабұлақ» кен орнының газ турбиналық электр станциясында 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңі апатсыз режимде өтуде.Жауапты мекеменің дерегінше 2020 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша «Кристалл Менеджмент» АҚ-ның Ақшабұлақ газтурбиналық электр станциясында барлық №1,2,3 газтурбиналық қондырғылары жұмыс істеп жатыр. Электр энергиясын өндіру 93,2 МВт-ты орташа тәуліктік сағаттық қуатты Қарағанды қаласының Орталық өңірлік диспетчерлік орталығына 88,8 МВт-ты құрайды және «Ақшабұлақ», «Ақсай», «Нұралы-1», «Нұралы-2» кен орындарында электр энергиясына деген қажеттілікті 100%, 50 МВт-тан астам энергия қуаты Ұлттық электр желісіне беріледі.
Электр станциясы белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істейді.