Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы "Қорқыт ата" әуежайының құрылысы 2020 жылы басталады

Қызылордадағы "Қорқыт ата" әуежайының құрылысы 2020 жылы басталады

Kyzylorda-news.kz. Бұл туралы бүгін Кызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов облыстық Қоғамдык кеңес алдындағы есебінде айтты."Қорқыт Ата" әуежайын жаңарту, қайта салу мәселесі көптен қызылордалықтардың көкейінде жүрген сұрақ болатын. Жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып, былтыр жекеше әріптесті анықтау бойынша өткізілген конкурстың бірінші кезеңі бойынша "BI Civil Construction" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Нұр-Сұлтан қ.) біліктілік іріктеуден өтті. 2019 жылдың 22 қарашасында «BI Civil Construction» серіктестігі өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Қазіргі уақытта жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар басталып кетті. 2020 жылдың мамыр айында терминалдың құрылысы басталады деп күтілуде.
"Қазіргі таңда, "Қорқыт Ата" әуежайы» акционерлік қоғамы мен "FlyArystan" (Флай Арыстан) әуекомпаниясының арасында келісім-шарт жасалып, наурыз айының ортасынан бірнеше бағытта жолаушыларды арзан бағамен тасымалдау ұйымдастырылады. Сондай-ақ, биыл 29 наурыздан бастап "Аэрофлот" компаниясы (Ресей) халықаралық "Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу" бағыты бойынша аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі) жиілігімен ұшатын болады",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
13 ақпан 2020 ж. 204 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области