Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандықтар қай елдерге саяхат жасағанды жөн санайды?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхат жасағанды жөн санайды?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық саяхатшылардың 33%-ы виза талап етілмейтін елдерге демалуға барады, деп хабарлады «Хабар 24».
Мамандар қазақстандықтардың 2020 жылы шетелдерге саяхаттау үшін жасаған тапсырыстарына сараптама жасады. Зерттеу бойынша, шетелге баратын әрбір үшінші қазақстандық визасыз елдерді таңдайды.
Әсіресе, қазақстандықтардың көбісі визасыз баруға болатын елдердің ішінде Ресейді таңдайды. Туристер Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург және Краснодар қалаларына жиі барады. Бұл қалаларға әуе қатынасы арқылы орта есеппен 72 мың теңгеге баруға болады.
Екінші орында Түркия тұр. Бару-келу билетінің орташа құны 113 мың теңгеден басталады. Қазақстандықтар көбінесе Ыстамбұл мен Анталияны таңдайды.
Одан кейін Өзбекстан, Грузия және Әзірбайжан елдеріне жиі барады. Бұл елдерге бару құны 83 мың теңгеден басталады. Сонымен қатар визасыз елдердің ішінде Малайзия мен Мальдив аралдарына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.
Бұған дейін қазақстандықтардың 2020 жылы қай елдерге визасыз бара алатынын жазған болатынбыз.
15 ақпан 2020 ж. 243 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области