Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Қызылордада жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында өткен жылдың соңғы тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға төмендеген.Жергілікті билік кәсіпорындарда қызметкерлерді жаппай қысқартуларды болдырмауға және бұл көрсеткішті бірнеше жыл қатарынан 4,8 пайызбен орта республикалық көрсеткіштен асырмауға нақты жұмыс жасап отыр.
Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде соңғы 3 жылда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 24 пайызға, шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны – 7,5 пайызға, ал, салық түсімдерінің көлемі тек соңғы жылдың өзінде шамамен 11 пайызға артқан.
Алайда облыстық қоғамдық кеңес алдында есеп берген аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі төмен деңдейде екенін атап өтті.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнестің өңірдің өндірілген өнімдегі үлесі 2025 жылы 35 пайыз болуы тиіс. Ал бізде, өткен жылдың 9 айы бойынша 16,5 пайыз ғана. Мұнымен қоса бейресми жұмыспен қамтылғандар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, салық түсімін арттыруға кері әсер етіп отыр. Ендігі бір мәселе, ол бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру, рәсімдеп, тіркеуге алу»,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
14 ақпан 2020 ж. 238 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области