Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕРЕКЕДЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ МӘН БЕРЕЙІК!

МЕРЕКЕДЕ ҚАУІПСІЗДІККЕ МӘН БЕРЕЙІК!


    19 қантар күні православты христиандар «Крещение Господне» мейрамын атап өтеді.
    Қызылорда ТЖД қызметкерлері осы мереке кезінде облыс су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
    ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары халықтың назарына су айдындарында сақ болуын және мұқият болуларын сұрайды.
    Суға түсерде алдымен сырт киімді, бірнеше минуттан соң аяқ киімді, содан кейін белге дейін шешініңіз, тек содан соң ғана суға кіріңіз. Шомылудың алдында денені кез келген майлы креммен немесе зәйтүн майымен ысқылаңыз. Суда  1 – 2 минуттан артық болмаңыз.  
    Суық суда ұзақ уақыт болғанда сіңір тартылып, адам естен тануы мүмкін. Суға шомылғаннан кейін әбден құрғағанша сүртіну және жылы киім кию керек.
    Осы мерекелеу күннің қарсаңында жасақ құтқарушылары 2018 жылдың қаңтар айының 16-сы күні «ПМК-29», «Ягодка», «КОПЭС», «Эдельвейс» саяжайлары және Қызылорда қаласының тұрғындарына су айдынында қауіпсіздік ережелерінің үнпарақтарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ-сі құтқару стансасының жанында аталған шараларға арнайы орын белгіленіп су алушы мен түсушілерге басқыштар дайындалып шіркеу өкіліне, «Славяне» этно – мәдени орталығы басшысына және саяжай қоғамдары басшылықтарына хат жолданды. Сонымен қатар, кезекшілік ұйымдастырылып,  құтқарушылардан 3 жедел топ құрылды.
    Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

17 қаңтар 2018 ж. 751 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области