Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,3 млрд. теңге аударды
Kyzylorda-news.kz. Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жанақорған аудандар көш бастап тұр.

«Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 қантарға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,3 млрд. теңге аударды, оның 7,1 млрд. теңгесі (97,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 204,9 млн. теңге (2,8%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі», - дейді МӘМС қоры КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.