Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада балаларға арналған психологиялық кітап жинағы таныстырылды

Қызылордада балаларға арналған психологиялық кітап жинағы таныстырылды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының әкімдігінде балалар психологиясына арналған «Денсаулық және өмірлік дағдылар» атты кітап жинағы таныстырылды.Аталған кітап топтамасы балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту мен дамытуға бағытталған. Топтаманы «Bilim Foundation» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының демеушілік қолдауымен шығарды. Психологиялық тақырыптарды қамтитын бұл жинақ 19 кітаптан тұрады.
«Кітаптар балалар мен жасөспірімдерді эмоционалды-психологиялық тұрғыда дамыту мақсатында дайындалды. АҚШ психологтарының еңбектері қазақ және орыс тілдеріне аударылып, қолдануға берілді. Алайда жинақ қазақы менталитетке сай келтіріліп, оқырмандарға жол тартты. Әр кітап бала есейіп келе жатқан кезде жолында кезіккен ең өзекті мәселелер мен қиындықтарды жеңуді қамтиды. Атап айтар болсақ, ата-аналардың ажырасуы, эмоциялық мәселелер, жаңа мектепке ауысу, баланың жаңа ортаға бейімделуі, қорқыныш, үрей, депрессияға түскен уақытта одан арылу жолы, суицидтің алдын алу секілді тақырыптарды қамтиды», - дейді «Bilim Foundation»" қоғамдық қорының директоры Берік Ракушев.
Қазіргі таңда аймаққа жинақтың 343 данасы жеткізілген. Бір кітап жиынтығы қалалық мектептерге 2 данадан берілсе, аудандық білім ошақтарына бір данадан таратылатын болады. Енді аймақтағы 288 мектептегі 7-10 сыныптағы 37 мың оқушысы аталған кітаппен танысатын болады. Аталған жиынтық ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен мақұлданған.
Айта кетейік, бұл кітап балалардың қолына берілмейді. Топтама мектеп психологтарына тапсырылып, мамандар кітапты өз жоспарларына енгізіп, жұмыс жасайтын болады.
«Кітап оқырманды өзінің ішкі әлемін түсінуге және қоршаған ортамен өзара іс-қимыл жасауға үйрететін шынайы тарихшыларымен, қызықты кейіпкерлерімен, қызықты сюжетімен ерекшеленеді. Сонымен қатар әр кітапта мәселенің пайда болуы, оны жеңу және баланың әр қарай жасауы қажет қадамы нақты түсіндіріледі. Кітап ағылшын психологтарынан аударылғандықтан, ондағы кейіпкерлерге қазақша есімдер берілді. Сондай-ақ кітап 1,5 жыл аударылды», - дейді Берік Ракушев.
Кітап таныстырылымында Қызылорда облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша «Bilim Foundation» қоғамдық қорымен тікелей жұмыс жасалып, бірнеше жоба қолға алынғанын атап өтті.
«Өткен жыл ішінде «Bilim Foundation» қоғамдық қорымен біршама жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, балаларға арналған бейне материалдар көрсетіліп, психолог мамандарға арналған нұсқаулықтар таратылған болатын. Енді мектеп оқушыларының жас ерекшелігіне қарай, олардың көңіл-күйіне арналған психологиялық кітап жинағы жарық көрді. Бұл кітаптарды пайдаланудың өзіндік әдісі бар. Бұл кітапты баланың өзіне беріп, өз-өзімен жұмыс жасауына болмайды. Тек психолог мамандардың түсіндіруімен жұмыс жасау керек. Бүгіннен бастап мектеп психологтарына кітапты қалай пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіле бастайды», - дейді Шолпан Жүнісова.
Бөлім басшысының айтуынша, өңірде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау мәселесіне қатысты нақты шаралар қолға алынған. Мектеп оқушылары арасында жиі сауалнама алынып, сол арқылы тәуекел топтағы оқушылармен тікелей жұмыс жасалып келеді.
«Былтыр аймақтағы 46 мыңнан астам оқушыдан сауалнама алынып, 785 бала тәуекел тобына есепке алынған. Анықтай келе, балалардың арасында ем алғандар да, психолог мамандардан кеңес алғандар да бар. Жыл басынан бері 600 оқушы тәуекел топқа тіркелді. Жалпы, қазіргі таңда облыста 1400-ге жуық оқушы мамандардың басты назарында болып отыр», - дейді Шолпан Жүнісова.
Ендеше, жаңадан жырық көрген кітап жинағы мектеп психологтарының сөресінде жатпай, балалардың игілігіне пайдаланылады деп ойлаймыз.

Динара МАХАНОВА


17 ақпан 2020 ж. 352 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области