ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы еліміздің аймақтарында «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасын іске асыруда.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстанның он облысындағы 53 мың шаршы метрден астам аумақта саны 40-тан асатын қазіргі заманғы технологияларға сай жинақталған, халық арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған әмбебап жаңа алаңдар пайда болады.
Осындай әмбебап алаң Арал ауданындағы Сексеуіл кентінде де салынып жатыр. Бүгінгі күні құрылысы бастау алған алаң 40х20 шаршы метр футбол, волейбол және баскетбол алаңы мен 24х20 шаршы метрді құрайтын жаттығу аймағы және балалар алаңы салынып, ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға берілетін болады.
«Әмбебап алаңдар құрылысы – 2016 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Менің елім» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. Сонымен қатар, балаларға арналған қосымша қауіпсіз ойын алаңдары пайда болады.