ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Осы жылдың 10 айында Шиелі ауданында негізгі қорға барлығы 8 млрд. 574 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 141,1 пайызға орындалды, деп хабаплайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы 1 млрд. 164 млн. теңгенің құрылысы салынып, 36550 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Облыстық бюджеттен 220 млн. 945 мың теңге бөлініп, Шиелі кентіндегі №45 мектеп ғимараты, Тартоғайда 90 орындық балабақша және 150 орындық ауылдық клуб салынып жатыр.