Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалуда

Қазақстанда 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалуда

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 32 ауылды дамыту бағдарламасы дайындалып жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде аграрлық ғылымды, білім және өндірісті интеграциялау мәселелері бойынша отырыста Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз жүзеге асыра бастаған тағы бір бастама бар. Мекемелеріміздің жартысы ауылдық аймақтарда орналасқан. Атап айтқанда, нақты 32 ауыл – қала құраушы санатына жатады. Біз дәл осы ғылыми ауылдарды дамыту бағдарламасын дайындауды бастап кеттік», - деді Төлеутай Рақымбеков.
Орталық басшысының айтуынша, бағдарлама аталған 32 ауылдағы әлеуметтік және инженерлік нысандарды жөндеуді, тұрғын үйлерді салуды, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтарға жағдай жасауды көздейді.
«Ол үшін «Нұрлы жер», «Ауыл – ел бесігі», «Еңбек» бағдарламалары мен АӨК саласын дамытуға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдалану көзделуде. Бұл бағыттағы қадам жас ғалымдардың ауылдарға деген қызығушылығын арттыра түседі. Осы мақсатта Үкіметте облыс әкімдіктері мен ауыл шаруашылығы министрлігі арасында меморандумға қол қою үшін отырыс өткізу жоспарланған. Бұл жоспар шеңберінде жұмысты бастап кеттік», - деді Төлеутай Рақымбеков.
18 ақпан 2020 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области