Сайлау-2019: «Ауыл» партиясының үміткері бекітілді
Kyzylorda-News.kz. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс президент сайлауына Төлеутай Рахымбековтың кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Үміткер кандидатурасын астанада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезінде бірауыздан қабылдады.
Партия төрағасы Әли Бектаев Төлеутай Рахымбековтің ауыл шаруашылығы мамандары арасында танымал екенін, оған 300 мыңнан астам партия мүшелерінің сенім артып отырғанын жеткізді.
Үміткер кандидатурасын астанада өткен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезінде бірауыздан қабылдады.
Партия төрағасы Әли Бектаев Төлеутай Рахымбековтің ауыл шаруашылығы мамандары арасында танымал екенін, оған 300 мыңнан астам партия мүшелерінің сенім артып отырғанын жеткізді.
«Маған сенім білдіріп, партия атынан менің кандидатурамды ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіргім келеді. Мен үшін бұл жоғары мәртебе және өте үлкен жауапкершілік. Еліміз маңызды саяси кезеңді бастан өткеріп жатыр. Мен үміткер ретінде алдарыңызда жауапкершілік жүгін толық сезінемін. Ауыл партиясының мүшесі ретінде партияның саяси ұстанымдары мен негізгі құжаттары және сіздер айтқан бүгінгі ұсыныстар менің келешектегі сайлауалды бағдарламама негіз болады. Менің саналы ғұмырым ауылмен, ауыл шаруашылығымен байланысты. Өзім ауылда тудым, ауылда өстім, ауыл шаруашылығы саласының дамуы жолында еңбек етіп келемін. Бұл саладағы проблемалар «Ауыл» партиясының назарынан ешқашан тыс қалған емес. Ауыл - Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі», - деп атап өтті.
Сонымен бірге, Төлеутай Рахымбеков партия принциптеріне негізделген саяси платформада бірқатар мәселеге көңіл бөлінгенін атап өтті. «Ауылда өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын қалыптастырып, ауыл мен қаланың дамуындағы әлеуметтік сәйкессіздікті жою. Алдымен ішкі нарықты елімізде өндірілген жоғары сапалы табиғи ауылшаруашылық өнімдермен қамтамасыз ету. Ауылдарда дамыған заманауи, инженерлік, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыру. Қазақстанды білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік дамудың лайықты жүйесі бар мемлекетке айналдыру. Еліміздің басты байлығы саналатын бірлік, ынтымақтастық, тұрақтылық құндылықтарын биік ұстап, лайықты жалғастыру», - деді үміткер.
Төлеутай Рахымбеков өзінің еңбек жолында түрлі салаларда тәжірибе жинақтағанын атап өтті.