Қызылордалық полицейлер марапатталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Байжан Байгелдінің төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жиында олыс бойынша тергеушілер мен анықтаушылардың атқарылған жұмыстары мен кейбір заңнамалық актілеріне енген өзгерістер мен толықтырулар жайы талқыланды.Департаменттің тергеу басқармасының орынбасары Асхат Мұхтарұлы өз баяндамасында 2020 жылдың 1 ай қорытындысымен тергеу және анықтау құрылымдарымен атқарылған жұмыстың нәтижесін баяндап өтті.
Одан кейін аталған басқарма бастығының міндетін атқарушы Амиржан Утегенов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген» жаңа Заң туралы таныстырып өтті.
Сонымен қатар, жиын барысында өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, 2019 жылдың қорытындысы бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізген бір қатар сала мамандары марапатталды. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Анықтау бөлімінің анықтаушысы полиция аға лейтенанты Мәди Қайсариев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Грамотасымен» марапатталса, дәл осы бұйрықпен Арал ауданының Полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Жылқайдар Отаровқа «Алғыс» жарияланды.