20 ақпан күнгі ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 20 ақпан күні республиканың солтүстік, орталық және шығысында құбылмалы күн райы сақталып, жекелеген жерлерде қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі, солтүстікте, орталықта және шығыста бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».Қазгидромет РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші 15-20, түнде 23-28 м/с артады.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болжанады, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с артуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, желдің күші 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 18 м/с бұрқасынмен бірге күшейеді.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.