Елімізде ет қымбаттады

Бір жыл ішінде ет және ет өнімдерінің экспорты 26 мың тоннаны, ал импорт 252 мың тоннаны құрады.
Ет және ет өнімдерінің бағасы бірден 13%-ға, ал құс етінің бағасы 14,7%-ға өсті. Сиыр еті 16,5%, қой еті 16,2%, ал жылқы еті 14,5% қымбаттады.
Сонымен бірге ет өндірісі де қарқынды дамуда. 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда 21,1 млрд теңгеге ет және ет өнімдері өндірілді.