Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық азаматтардың цифрлық дағдылары артты

Қызылордалық азаматтардың цифрлық дағдылары артты

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайыздан астамы электронды форматқа ауысып, қызметтерді алу реті едәуір жеңілдетілді.Мысалға, былтырғы жылдан бастап жаңарған «egov mobile» мобильді қосымшасы пайдалануға беріліп, тұрғындар түрлі анықтамаларды онлайн алуды үйренуде. Аталмыш мобильді қосымша арқылы кез келген жерде отырып 59 түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі бар.
Өткен жылы 54 992 қызылордалық «Telegram-Bot»-қа тіркеліп электронды қызметтер алса, өткен жылдың қараша, желтоқсан айында «eGov mobile» қосымшасына 10 856 азамат тіркеліп, қосымшаны тиімді пайдалануда. Бұл дегеніміз, халықтың цифрлық дағдыларының артып келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында қала, аудан көлемінде ХҚО мамандары халық көп шоғырланған орындарда, сауда орталықтарында онлайн қызметтерді түсіндіру және насихаттау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Осы ретте, Арал ауданында ашық есік күні ұйымдастырылып, кәсіпкерлік, туризм, спорт бөлімдерінде электронды үкімет қызметтерін насихаттау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жалағаш аудандық бөлімінде де түрлі мекеме қызметкерлеріне және тұрғындарға онлайн қызметтерді алу реті түсіндірілсе, HR-менеджер С.Смайлова фронт-офис мамандарына SANA кодексі бойынша семинар сабақ ұйымдастырылды.

20 ақпан 2020 ж. 266 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области