Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУДЕ

БАНК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ МЕҢГЕРУДЕ


Қызылордада электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша оқыту шаралары жалғасуда. Бұл жолы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы Банк қызметкерлері үшін семинар-кеңес ұйымдастырды.
Қаржыгерлер электронды портал арқылы көрсетілетін қызметтерді күнделікті өмірде пайдалану дағдыларын арттырып, онлайн-режимде салық, айыппұл, коммуналдық төлемдер мен басқа да қызметтерді алуды үйренді. Сонымен қатар, мемлекеттік корпорация мамандары жақындағана қосылған telegrambot, смс-хабарламаның арқылы үшінші тұлғамен анықтама алу электронды қызметтеріне тоқталды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Telegram мобильді қосымшасында SMS-хабарлама арқылы ең жиі сұраныстағы 4 қызметті алуға мүмкіндік бар. Бұл қызметтердің ішінде - мекенжай анықтамасы, басқа заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың қатысы туралы анықтама, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы туралы анықтама кіреді. Ботты қолдану үшін мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеуде болу керек. Сонымен қатар, анықтамаларды электронды поштаға жіберуге болады. Ол үшін чатқа электрондық поштаның мекен-жайын жазу керек.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде 746 мемлекеттік қызметтің 621 түрі, яғни 83 пайыздан астамы «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесіне өткен. Электронды үкімет инфрақұрылымы арқылы бүгінде 452 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментімен бірігіп ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі


15 тамыз 2018 ж. 789 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области