АУЫЛ ХАЛҚЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ электронды порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шиелі ауданы Ы.Жахаев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Шараны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электронды үкімет порталымен мемлекеттік қызмет алудың тәртібі мен оның тиімділігі және ыңғайлығы туралы толық ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауыл халқы мемлекеттік қызметтерді алу мәселесіне үлкен қызығушылық білдіріп, мамандардың көмегімен Азаматарға арналған үкімет электронды порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйренді.