Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН TELEGRAM-БОТ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫН TELEGRAM-БОТ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

SMS-хабарлама арқылы ең жиі сұраныстағы 4 қызметті алуға мүмкіндік беретін @EgovKzKenesBot Telegram-боты жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
  Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов хабарлады.
  «SMS-хабарлама арқылы ең жиі сұраныстағы 4 қызметті алуға мүмкіндік беретін @EgovKzKenesBot Telegram-боты жұмысын бастап кетті. 4 қызметтің ішінде - мекенжай анықтамасы, басқа заңды тұлғаларға жеке тұлғалардың қатысы туралы анықтама, сотталмағандығы туралы анықтама, жылжымайтын мүлкінің бары немесе жоғы туралы анықтама кіреді. Оны қолдану үшін мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркеуде болу керек. Яғни, өз телефоныңыздың нөмірі egov.kz порталының профиліне бекітілуі тиіс. Жуық арада қызметтердің түрін көбейту жоспарланып отыр. Сонымен бірге, алынған анықтаманы телефонға сақтап қоюға немесе e-mail арқылы жолдауға болады», - деді спикер.
Әсет Тұрысовтың айтуынша, жақында компания egov.kz порталының редизайнын жасауды қарастырып отыр.
«Қазіргі дизайн 2012 жылы жасалған. Бір сөзбен, қазіргі заманның талаптарына сәйкес келе бермейді. Қолданушымен кері байланысты ұстану үшін порталдың beta-нұсқасы әзірленіп қойған. Қолданушылар онда өздерінің пікірлерін қалдыра алады», - дейді Әсет Тұрысов.
Ол сонымен бірге, ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) да сайты қайтадан қаралатындығын айтты.

21 мамыр 2018 ж. 569 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области